Ссылки доступа

Трамп әкімшілігінің басшылары Ресей ізіне қатысты тергеледі


Америкалық президенттік сайлауға Ресейдің қатысы бар-жоғын анықтауға арналған тергеу АҚШ-тың жоғарғы басшыларын да тексереді. Бейсенбі күні кешке вице-президент Майк Пенс дербес адвокат жалдағаны белгілі болды.

Пенс Федералдық тергеу бюросының директоры Джеймс Комиді жұмыстан шығаруға қатысқан. Трамптың қарсыластары Комиді қызметтен босату арқылы тергеуге кедергі келтірді деп есептейді. ФТБ бұрынғы басшысы "Ресей ісін" зерттеуді басқарған. Арнайы прокурор Роберт Мюллер президенттік сайлау қарсаңындағы науқанда Дональд Трамп штабы үміткер Хиллари Клинтонға соққы жасау үшін Кремльмен байланыс орнатқан-орнатпағанын анықтайды.

Дональд Трамп The Washington Post газетін сынға алды. Басылым Роберт Мюллер жүргізетін зерттеудің президентке де қатысы барын жазған еді.

"Мен Америка тарихында ең ауқымды мыстан аулау науқанының құрбаны болдым. Мені тергейді екен де, сайлаудағы арсыз қарсыласым Хиллари Клинтон қорғалмаған пошта аккаунтымен заңсыз қызметтік келіссөздер жүргізіп, соттан сытылып шығады. Бұл қалай болғаны?" - деп жазды Дональд Трамп.

XS
SM
MD
LG