Ссылки доступа

Түркіменстан: шағын кәсіпкерлік тұралап қалды


Ашхабад базарларында саудагерлер азайғанын бірден байқауға болады. Валюта айырбасына ресми тыйым салынып, кәсіпкерлерге конвертация жүргізуге шектеу қойылған соң, сұранысқа ие тауарлар мен азық-түлік бағасы көтеріліп кетті.

Түркіменстан астанасының басты сауда орталығы - "Гүлістанда" көкөніс бағасы тағы көтерілген. Сүт өнімдерінің бағасы шарықтап кетті.

Заң бойынша, етті мемлекет белгілеген 17.80 манаттан (шамамен 5 доллар) асыруға болмайды. Бірақ, жергілікті тұрғындардың айтуларынша, етті 20 манаттан (шамамен 6 доллар) төмен бағаға іздеп табу мүмкін емес.

Соңғы айларда сатып алушылардың да азайғаны байқалады. Оған бағаның қымбаттауы мен жалақының үнемі кешіктірілуі себеп болған. Тауарға сұраныс тым төмендеп кеткен соң, "Гүлістан" базарында саудагерлер қатарының сирегенін көруге болады.

XS
SM
MD
LG