Ссылки доступа

Өзбекстан "қара тізімдегі" мұсылмандар істерін қайта қарайды


15 маусымда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев дін өкілдерімен видеоселекторлық жиналыс өткізді. Он мыңнан астам адам қатысқан жиында мемлекет басшысы "қара тізімге" іліккен мұсылмандар істерін қайта қарау қажеттігі туралы айтқан.

Әндіжандық бір имамның сөзіне қарағанда, жиналыста президент "қара тізім" туралы мәселені өзі көтерген.

"Жиналыста Мирзияев: "Болмашы қателіктің салдарынан адал әрі жақсы адам "қара тізімге" ілініп, тыйым салынған ағымның мүшесі ретінде жазаланып жатады. Біз олардың әрқайсымен сөйлесуге міндеттіміз. Жыл соңында маған есебін беріңдер", деп айтты", - деді ол.

Бұған қоса, Мирзияев республиканың әрбір ауданында он адамнан тұратын арнайы топ жасақтауын тапсырды. Олар "қара тізімдегі" мұсылмандардың істерін қайта қараумен айналысады.

"Мұндай топтарға ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратура, әкімшілік, махалла, мешіт және басқа да органдардың өкілдері кіреді. Олар "қара тізімдегілермен" сөйлесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді", - деді имамдардың бірі.

XS
SM
MD
LG