Ссылки доступа

CNN: Магнитский ізіне түскен қаражат Сирияға аударылған болып шықты


Америкалық CNN телеарнасы Сергей Магнитский ісіне қатысты құжаттар барын жариялады. Қылмыстық қаржы жүйесін әшкерелеген ол 2009 жылы Мәскеу түрмесінде қайтыс болған еді.

CNN мәліметіне қарағанда, Ресейден басқарылатын және ресейлік билікке қатысы бар бәз бір "инвесттоп" химиялық қару жасау сириялық бағдарламасын қаржыландырған фирмаға кем дегенде 900 мың доллар бөлген.

2007 және 2008 жылдардағы банк жазбалары мен келісім-шарттар бойынша, бұл инвесттоп 3 млн доллардан астам қаржыны Balec Trading Ventures фирмасына "жоғары технологиялық жиһазға" деген желеумен аударған.

Ресейлік қылмыстық топқа қатысы бар делінетін компания Quartell Trading деп аталған. АҚШ Әділет министрлігінің бағалауы бойынша, Ресей салық төлеушелірінің миллиондаған доллары осы секілді компанияларға аударылған. Бұл қаражат пен "Магнитский ісінде" байланыс бар.

Balec Ventures компаниясының қожайыны Исса иль-Зейди, Ресей азаматы. АҚШ қаржы министрлігі 2014 жылы оған қарсы санкция енгізді. CNN мәліметіне қарағанда, оның орталығы химиялық қару дайындауымен айналысқан.

XS
SM
MD
LG