Душанбе мен Астана арасында пойыз жүргізу туралы шешім Қазақстан мен Тәжікстанның теміржол операторлары арасындағы келісімге сай қабылданған. Қазақстандық "Жолаушылар тасымалы" компаниясының мәлімдемесінде бұл маршрут Астанада "халықаралық EXPO-2017 көрмесі өтетін кезеңде туризмнің дамуына септесетіні" айтылған.
Халықаралық пойыз маршруты Қарақалпақстан арқылы Бейнеу - Жезқазған теміржол желісімен өтеді. Пойызда тоғыз вагон бар және ол Душанбеден әр бейсенбіде, ал Астанадан дүйсенбіде жолға шығады.