Ссылки доступа

Түркіменстан президенті мыңнан астам жазасын өтеушіге рақымшылық жасады


Түркіменстанда 1029 жазасын өтеуші бостандыққа шықты. Ресми ақпарат бойынша, рақымшылық мұсылмандардың қасиетті Рамазан айына орай жарияланды.

Рақымшылық туралы президент жарлығына 16 маусымда қол қойылды. Бұған қоса құқыққорғау органдарының басшыларына рақымшылықпен босап шыққандарды жақын уақытта үйлеріне жеткізу тапсырылды.

"Президент Гурбангулы Бердымұхамедов облыстың, қалалардың және басқа да мекемелердің басшыларына түрмеден шыққандарды жұмыспен қамтуды тапсырды", - делінген ресми хабарламада.

Бақылаушылар мен жазасын өтеушілердің айтуларынша, түрмеде отырып келгендердің жұмыс табуы өте қиынға түседі, бұған қоса олар полиция мен жергілікті биліктің қудалауына тап болады.

"Prison policy initiative" ұйымының есебі бойынша, Түркіменстан әлемнің 170 мемлекеті ішінде халық үлесі бойынша сотталғандар саны жөнінен АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр.

XS
SM
MD
LG