Ссылки доступа

Тәжікстанда жемқорлықпен күрес мекемесінің тағы бір бұрынғы шенеунігі ұсталды


Тәжікстанда Қаржы бақылауы және жемқорлықпен күрес агенттігіне қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша мекеменің тағы бір бұрынғы шенеунігі қамауға алынды. Тергеуге жақындығы бар дереккөздің хабарлауынша, ұсталған Косим Саидзода экономикалық қылмыстармен күрес басқармасын басқарған.

Бұрынғы шенеунік бір апта бұрын ұсталған. Дереккөздің айтуынша, оған "аса ірі көлемде пара алды" деген айып тағылған. Мұндай қылмыс үшін 12775-тен 21900 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, жетіден 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылады.

Дереккөз мәліметі бойынша, тергеу кезінде Саидзоданың аса ірі көлемде пара алғаны белгілі болған.

Бұрынғы шенеунікке тағылған айыптарды оның өзі мен туыстарынан растау мүмкін болмады. Косим Саидзода агенттікте тергеуші болып жұмысқа тұрған, кейін басқарма басшысы қызметіне дейін өскен.

Тәжікстанда сәуір айының соңында қаржы полициясының бұрынғы шенеуніктерін ұстай бастады.

XS
SM
MD
LG