Ссылки доступа

ЕО Орталық Азияға қатысты жаңа стратегиясын дайындамақ


Еуропалық Одақ (ЕО) Орталық Азияға қатысты жаңа стратегиясының жобасын 2019 жылдың соңына дейін дайындайды. Бұл туралы ЕО елдері сыртқы істер министрлерінің 19 маусымда Люксембургте мақұлдаған тұжырымында айтылады.

ЕО-ның Орталық Азияға қатысты 2007 жылы қабылдаған стратегиясы Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстанмен саяси өзара іс-қимылдың моделін қалыптастырған. Жаңа стратегия бойынша әзірге ешнәрсе нақтыланбағанымен, ЕО-ның сыртқы істер кеңесі онда бірнеше сала қамтылғанын айтады.

Құжатта "аймақтағы адам құқықтары, оның ішінде гендерлік мәселелері бойынша айтарлықтай мәселелер бар болғандықтан кеңес Орталық Азия елдерімен дұрыс басқару, заң үстемдігі және адам құқықтары бойынша мазмұнды диалогты жалғастырудың маңызды екені" жазылған. Онда сонымен қатар "ішкі және сыртқы қысымнан азат, тәуелсіз медианың маңызды" екені айтылған.

XS
SM
MD
LG