Ссылки доступа

Душанбеде Тәжікстан мен Өзбекстан үкімет мүшелерінің бас қосуы өтіп жатыр


Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Тәжікстанға делегацияны үкімет басшысының орынбасары Ұлықбек Розикулов бастап барған.

Душанбеде 2 күн бойында сауда-экономикалық қарым-қатынас мәселелері талқыланады.

Ресми хабарламаға қарағанда, тараптардың келісім құжаттарына қол қоюы қарастырылған. Осыдан кейін өзбек-тәжік кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өтеді.

Сонымен бірге маусым айының аяғында Өзбекстанның ішкі істер министрі Абдусалом Азизов Тәжікстанға ресми сапармен бармақ. Ол 27-29 маусымда өтетін ТМД елдері ішкі істер министрлерінің кеңесіне қатысады.

Соңғы 20 жыл бойында Тәжікстан мен Өзбекстанның қарулы күштері бас қосып, бірлескен операция өткізген емес.

XS
SM
MD
LG