Ссылки доступа

Брюссельде Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы жөнінде келіссөз басталды


Британияның Брекзит жөніндегі министрі Дэвид Дэвис пен Еуропалық Одақтың делегация басшысы Мишель Барнье 19 маусымда королдіктің ЕО-дан шығу жөніндегі келіссөзді бастаған.

Келіссөздің басында тараптар алдымен ұйымдастыру мәселесін талқылайды.

Дэвистің сөздерінше, келіссөздер позитивті әрі конструктивті бағытта басталған. Барнье британ өкілдерінің Ирландия және Солтүстік Ирландия арасындағы шекара мен экспаттар мәртебесі жөніндегі ұсыныстарын қолдаған. Әзірге Лондонның Брюссельге төлейтін ақшасының көлемі анық айтылмады.

Бірақ кейбір есеп бойынша, британдықтардың Еуроодақтан шығуына 50 миллиард фунт стерлинг (57 миллиард еуродан астам) жұмсалады. Financial Times басылымы болса, 100 млрд еуроға жетеді деп отыр.

XS
SM
MD
LG