Ссылки доступа

Тәжікстанда қырыққа толғандар ғана қажылыққа бара алады


Тәжікстанда 40 жасқа толмаған бірнеше азамат қажылық сапармен Сауд Арабиясына баратындардың тізіміне енбей қалды. Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, қажылыққа қырыққа толғандар ғана бара алады.Умра немесе кіші қажылық жасауға жас шектеуі қойылмайды.

Дін істері жөніндегі комитет қажылыққа барушылардың жас шектеуі 35-тен 40 жасқа өзгертілгенін растады. Шенеуніктер бұны қарт кісілерге қажылыққа баруына мүмкіндік жасау үшін жасадық деп түсіндірді.

Дегенмен, комитеттің баспасөз хатшысы Афшин Мукимнің хабарлауынша, қажылық сапар жасағысы келгендер саны осы өзгерістен соң әлдеқайда азайған. Жүздеген ақсақал балаларының көмегінсіз сапарға шығудан бас тартқан.

Өткен жылы 6 мың тәжік қажылық жасап келді. Тәжікстанның дін істері жөніндегі комитеті Сауд Арабиясының қажылық квотасын 8 мыңға дейін көбейтуді көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG