Ссылки доступа

Кремль Ресей-АҚШ консультациясынан бас тартты


Заместитель Госсекретаря Томас Шэннон
Заместитель Госсекретаря Томас Шэннон

Кремль АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Шэннон мен Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковтың кездесуінен бас тартты. Рябковтың хабарлауынша, Ресей Вашингтонның 20 маусымда енгізген жаңа санкцияларына осылай жауап береді.

Ресейдің Украинаға қатысты әрекетіне байланысты АҚШ қабылдаған санкциялар 38 Ресей азаматы мен компанияларына қарсы бағытталған.

Рябковтың айтуынша, 23 маусымда Санкт-Петербургте өтеді деп жоспарланған кездесуге "қолайлы жағдай болмай тұр". Бұның алдында Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жаңа санкцияларға жауап берудің түрлі әрекеттері қаралып жатқанын айтқан еді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Хизер Нойерт 8 маусымда Шэннон – Рябков кездесуінде Мәскеу мен Вашингтонның дипломатиялық қарым-қатынасына кедергі болатын жайттар талқыланатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG