Заң жобасында темір жол өту бекетін Бейнеу станциясынан ондаған шақырым қашықтықтағы Оазис станциясына көшіру қарастырылған. Сонымен бірге Целинный және Сырдария деп аталатын екі жаңа көлік өту бекетін ашу көзделген. Осыған дейінгі Атамекен, Қазығұрт және Қапланбек екіжақты өту бекеттері көпжақты болып өзгереді.
Өзбекстан азаматтарына шекарадан өтуге жеңілдік қарастырылған. Осыған дейін төлқұжаттарына шекарадан өтті деген белгі қойылса, енді миграциялық карталарын көрсетсе жеткілікті. Бірақ мұндай жеңілдік әзірге тек жеңіл көлік иелеріне ғана қарастырылған.
Заң жобасы Қазақстан президентіне қол қойылуға жіберілді.