Ссылки доступа

Өзбекстандық такси жүргізуші иесіне жоғалған 100 мың рубльді қайтарды (аудио)


Мәскеуде такси жүргізуші болып жұмыс істейтін өзбекстандық көлігіне қалдырып кеткен 100 мың рубльді (1700 АҚШ доллары) иесіне қайтарды. Ақшасын жоғалтып, қайта тапқан Павел Шапкин жүргізушімен селфиге түсіп, әлеуметтік желіге жариялады. Бірақ қуанғанынан, жүргізушінің аты-жөнін сұрауды ұмытып кетіпті.

17 маусымда Киров тұрғыны Павел Шапкин таксиге отырған. Бірақ көліктен асығыс түскенде, әмияны артқы орындыққа түсіп қалған.

Бірнеше уақыт өткеннен кейін, өзбекстандық такси жүргізуші ресейлікті тауып, әмиянды қайтарған. Әмиянда иесінің телефондары жазылған екен.

Павел Шапкин Instagram желісіне «Бүгін мен әмиянымды жоғалттым. Онда қолма-қол 100 мың рубль және банктік картам болды. Қайда қалғанын білмедім. Бір уақытта телефон қоңырауы соғылды. Білесіздер ме, өзбекстандық қарапайым жігіт менің әмиянымды тауып алғанын, қайтарғысы келетінін айтты», - деп жазады.

«Мен қатты таңқалдым. Ақша оған кедергі болмайтын еді ғой. Бірақ ол өзінің осылай тәрбиеленгенін айтты. Сөзім жоқ. Мына сурет естелік үшін», – деп жазады Павел Шапкин Instagram желісіне​.

Аз ғана уақыт ішінде Павел Шапкиннің жазбасына бірнеше мыңдаған адам "лайк" басқан.

XS
SM
MD
LG