Ссылки доступа

Медведевті Twitter'ді бұғаттағаны үшін сотқа берді


Премьер-министр России Дмитрий Медведев.
Премьер-министр России Дмитрий Медведев.

Жемқорлыпен күрес қорының қызметкері Георгий Албуров Twitter'ді бұғаттағаны үшін Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевті сотқа берді.

Қор заңгерінің пікірінше, Медведевтің шағын блогы ресми ақпарат көзі саналады, өйткені оған Ресей үкіметінің сайтында сілтеме жасалған. Сол себепті Медведев министрлер кабинетінің жариялы түрде жұмыс істеу қағидасын бұзды, деп есептейді заңгер. Өйткені Албуров оның Twitter'ін оқи алмай қалды. Мәскеудің Пресненск сотының мәліметтер базасында премьер-министрдің үстінен түскен бұл шағым әлі тіркелмеген.

Биыл наурызда Жемқорлықпен күрес қоры Дмитрий Медведевтің жылжымайтын мүліктері туралы зерттеу материалын жариялады. Оны Медведев "саяси алаяқтардың құйтырқы өнімі" деп атаған еді.

XS
SM
MD
LG