Ссылки доступа

Қырғызстанда екі журналист Талас өзеніне ағып кетті


Қырғызстанның Талас қаласында 3-арнаның атқарушы директоры Суйун Омурбеков пен журналист Эльмира Суйутбекова өзенге құлап, ағып кеткен.

Қайғылы оқиға 1 маусымда кешке "Беш-Таш" қорығында болған. Телеарна қызметкерлері осы жерге демалуға барған.

Телеарна қызметкерлерінің айтуларынша, Эльмира өзен суымен қолын шағысы келгенде аяғы тайып кетіп, өзенге құлаған. Оны құтқарғысы келген Суйунді де өзеннің қатты ағысы алып кетті. Кейін екеуін де судан шығарып алған, бірақ олар ауруханаға жетпей көз жұмды.

Марқұмдардың екеуінің де артында үш баладан қалды.

XS
SM
MD
LG