Ссылки доступа

Стамбулда өзбекстандық екі қыз сексуалдық құлдықтан құтқарылды


Түркия, АҚШ және Ресейдің белсенділері Өзбекстандағы қыздарды жезөкшелікке салатын әйелдің қолынан Хорезм және Ферғана облысынан келген екі қызды құтқарған. Шетелде жезөкшелер үйін құрған әйел жас қыздарға жұмыс тауып беруге уәде беріп, Стамбулға жіберген.

5 шілдеде 25 жастағы Хорезм облысында туған Халима Хайитбаева Стамбулға кетіп, жезөкшелер үйіне тап болғанын IMO мессенджері арқылы Санкт-Петербургтегі бұрынғы жұмыс берушісіне жазып үлгерген.

Белгілі болғандай, 8 шілдеде Түркияның бір фирмасында жұмыс істейтін өзбекстандық ер азамат Халима Хайитбаеваны құтқаруға көмектеседі. «Хайитбаева жанындағы қызбен үйден қашып үлгерді. Қазір олар қауіпсіз жерде. Енді олар Стамбулдағы Өзбекстан елшілігінен көмек сұрайды», – дейді қыздарды құтқарушы жігіт.

Қыздарды құтқаруға қатысқан тағы бір белсендінің айтуынша, Ферғанадан келген Мадина есімді қызды да босатып алған. Ол "жеңгетай" әйелдің қолына 20 күн бұрын түскен екен.

«Мадинаны да Халима секілді Стамбулға алдап жіберген. Кейін "мама Роза" оған Стамбулға әкелгенім үшін 4 мың доллар төлейсің деген. 20 күн бойында Мадина 15-20 адамға қызмет жасаған. Әйелге 3 мың доллар беріп, Халима екеуі қашып үлгерген. Қазір олар Стамбулдағы жағдайларын туғандары біліп қояды ма деп қатты қорқады», – дейді белсенділердің бірі.

XS
SM
MD
LG