Ссылки доступа

Қырғызстан 50 мың аттестатты қайта басып шығарады


Қырғызстанның білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, биыл мектеп түлектеріне жасап шығарған 48 мың аттестат жарамсыз болып шыққан. Құжатта қате табылған.

Осыған байланысты мекеме мектеп түлектерінің алдында кешірім сұрап, елдің жоғары оқу орындарына арнайы хат жіберген. Онда талапкерлердің құжаттарын аттестатсыз қабылдауын сұраған. Жаңа аттестаттар екі апта ішінде дайын болады деп уәде еткен.

Министрлік құжатты басып шығарған баспаны айыптайды. Сарапшылар болса, бұл жағдай министрліктің білім саласына деген салғырттығының көрсеткіші дейді.

Бішкектің жоғары оқу орындарының бірінде қабылдау комиссиясында жұмыс істеп жатқан Наргиза Алиеваның сөздерінше, түлектердің тек 2-3 аттестаты ғана дұрыс болып шыққан, қалғандары жарамсыз.

Биыл аттестатты басып шығару үшін "Тәртіп" баспасы тендерді жеңіп алған. Қазір баспа өз қаражаты бойынша құжатты қайта басып шығарып жатыр. 2017 жылы Қырғызстанда 62 мың оқушы мектеп бітірген.

XS
SM
MD
LG