Ссылки доступа

Қырғыз президенті: латын қарпіне көшу - түрік халықтарын бір-бірінен алшақтатады


Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев бұл пікірін "Алтай өркениеті" халықаралық форумында айтты. Бішкектегі бұл конференция мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылды.

“Мысалы, латын қарпін дамыған елдердің барлығы қолданады деушілер бар. Бірақ Жапония мен Кореяға иероглифтер қолдану кедергі келтірді ме? Қытай экономикасының дамуына иероглифтер кедергі болды ма?” - деді мемлекет басшысы.

"Латынға өту бізді жақындастырмайды, керісінше, алшақтатады", - дейді Атамбаев.

Қырғыз басшысының пікірінше, бұрынғы алфавитпен қоштасу халықтың өткенінен айрылу дегенді білдіреді. "Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Әуезов кириллицамен жазды, оларға бұл қаріп кедергі болған жоқ", - деді Атамбаев.

КСРО ыдыраған соң Әзірбайжан, Түркіменстан және Өзбекстан латын қарпіне өтті. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың соңына дейін латынша қазақ алфавитінің стандартын қабылдауды тапсырды.

XS
SM
MD
LG