Ссылки доступа

Ресейлік пранкерлер Вован мен Лексус АҚШ энергетика министрін алдады


Ресейлік пранкерлер Владимир Кузнецов (Вован) және Алексей Столяров (Лексус) АҚШ энергетика министрі Рик Перриді алдады. Олар оған Украина премьер-министрі Владимир Гройсманның атынан телефон соғып, Ресейге қатысты санкцияларды 20 минут "талқылаған".

АҚШ энергетика министрі осындай әңгіме болғанын растады. Дәл осы кезде АҚШ Конгресінің төменгі палатасы Ресейге қатысты санкцияларды қабылдап жатқан еді.

Вован мен Лексус танымал адамдарды талай рет алдаған. Мысалы, әнші Элтон Джон Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлестім деп ойлап қалды.

Вован мен Лексус қазіргі ресейлік билікті ұнатпайтын адамдарды көп алдайды. Олардың бұл әрекетін мемлекеттік телеарналар насихаттады. Соған байланысты сарапшылар бұл екеуін ресейлік арнайы қызметпен байланысы бар деп болжайды.

СМОТРИ В ОБА: Пранкеры государственного масштаба
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:22 0:00

XS
SM
MD
LG