Ссылки доступа

Тәжік милициясы арықтаған қызметкерлерін жұмысқа қайтадан алды


Тәжікстан ішкі істер министрі артық салмағы үшін жұмыстан шығарылған 13 адамды қайтадан жұмысқа алды. Екі ай бұрын министр жарлығымен 20 қызметкер артық салмағы үшін жұмыстан шығарылған еді.

Сонымен бірге жүзден астам милиция қызметкеріне ескерту жасалып, оларға арықтауға уақыт берілген. "Милиция қызметкерлері жылдам, шапшаң болуы тиіс. Олар кез-келген жағдайда өз міндеттерін атқара білулері керек", - деген министрліктер.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Умарджони Эмомалидің мәлімдеуінше, жұмысқа қайта алынғандардың барлығы - мықты мамандар. Олар артық салмақтан арылған, сол себепті қызметке қайта кіріскен. Оның айтуынша, жұмыстан шығарылған басқа да бұрынғы қызметкерлер артық салмақтарын тастаған жағдайда, жұмысқа қайта шақырылады.

Ішкі істер министрлігінде артық салмағы бар қызметкерлермен күрес өткен жылдың желтоқсанында басталған. Ішкі істер министрі Рамазн Рахимзода бойы 168-170 см. болатын милиция қызметкерінің салмағы 75 келіден аспауы керек деп шешкен.

XS
SM
MD
LG