Ссылки доступа

Тәжікстанда "пәктігі" үшін әйелін суицидке жеткізген ер адамды соттап жатыр (видео)


Тәжікстанда Восей аудандық соты Зафар Пировты қамауға шешім қабылдады. Оның 18 жастағы жары Раджабби Хуршед тойдан кейін өзіне қол жұмсап, өмірден озды.

Осыған дейін Восей аудандық сотының прокуратурасы Зафар Пировтың ісін сотқа жібергенін мәлімдеген. Оған әйелін өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген айып таққан. Бұл бап бойынша 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Зафар Пиров 7 шілдеде өзінің айыбын мойындайтынын, әділетті сот шешімін күтетінін мәлімдеген. «Прокуратура менің тек шындықты айтуымды талап етті. Мен оларға әйелімнің екінші рет үйленуіме рұқсат бергенін айттым. Ол жазып кеткен қолхатында тойға дейін пәктігі болмағанын мойындаған. Мен оған ата-анаңның үйіне қайтарамын дегенде, сірке қышқылын ішіп, ауруханада көз жұмды», - дейді ол.

Ол әйелі қайтыс болғаннан кейін, өзін кінәлі сезінетінін мойындады. «Мен оның өлімін қаламадым. Бірақ мен тойға жұмсаған 13 мың сомониды оның ата-анасы қайтарып бергенін қалап едім», - дейді.

Спор о девственности, доведший до могилы. Зафар Пиров арестован
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:26 0:00

Зафар Пиров келіншегінің пәктігіне күмән келтіріп, астанаға сараптамаға алып барғанын айтады. Бірақ сараптама орталығы тойға дейін әйелінің пәктігі болғанын растаған. Бірақ мен бәрібір сенбедім дейді.

Раджаббидің анасы Фазила Мирзоева "қызыма жала жауып, өлімге мәжбүрледі" дейді.

XS
SM
MD
LG