Ссылки доступа

Текебаевты қолдап аштық жариялаушының бірін ауруханаға алып кетті


Жедел жәрдем дәрігерлері "Ата мекен" партиясы белсенділерінің бірі, аштық жариялап жатқан Темир Эмиловты ауруханаға алып кетті. Бұл жөнінде акцияға қатысушылардың бірі Айбек Сұлтанқұлов мәлімдеді.

Оның сөзінше, акцияны ұйымдастырушылар штабқа дәрігер шақырған. "Эмиловтың денсаулығы сыр берді. Дәрігерлер оны ауруханаға алып кетті", - дейді ол.

Саясаткер, президенттікке үміткер, қамауда отырған Өмірбек Текебаев пен Дуйшенкул Чотоновты қолдауға арналған акция 31 шілдеде басталған. Олар биліктен саяси қуғынды тоқтатуды сұрайды.

"Ата Мекен" партиясының лидері Өмірбек Текебаев пен бұрынғы елші Дуйшенкул Чотонов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысында отырғанына бес ай болды. Олар коррупцияға қатысты айыпталып жатыр.

Оларға қатысты қылмыстық іс Ресей азаматтары Алексей Модин мен Леонид Маевскийдің арыздары бойынша қозғалған. Олардың жазған шағымдарына қарағанда, Өмірбек Текебаевқа "Мегаком" компаниясының акциясын сатып алуға көмектесу үшін 1 млн доллар пара берген.

Айыпталушылар болса, бұл істің саяси астары бар дейді.

XS
SM
MD
LG