Ссылки доступа

Алматыда Сирияға кетпек болды деген күдіктіге сот үкімі шықты


Алматыда "Сирияға кетіп, экстремистік топтың қатарында соғыспақшы болған" күдіктіге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Хабарға қарағанда, М. есімді азамат Қырғызстан арқылы Түркияға барып, одан Сирияға өтіп, «Жабхат ан-Нусра» экстремистік тобының құрамына қосылмақшы болған. Сот үкіміне сәйкес, ол террористік топтың қызметіне қатысты деп алты жылға бас бостандығынан айырылған.

Сотталған азаматтың жасы туралы айтылмайды. Бірақ оның сәлафизм ағымын ұстағаны туралы ақпарат берген.

Сот үкіміне қатысты апелляциялық сотқа шағым берілген екен. Бірақ апелляциялық сот үкімді сол күйінде қалдырған. Заң күшіне енген.

XS
SM
MD
LG