Ссылки доступа

АҚШ Ресей-Беларусь әскери жаттығуын мұқият қадағалайды


Құрама Штаттар "Батыс-2017" деп аталатын ресейлік-беларусь әскери жаттығуын мұқият қадағалайтын болады.

3 тамызда Еуропадағы америкалық күштің қолбасшысы, генерал Джон Хили Мәскеу "айтарлықтай таза емес", себебі әскери жаттығуға батыс бақылаушыларын шақырмады деп мәлімдеді. Ол таяуда Қара теңіз аймағында өткен АҚШ пен НАТО-ның әскери дайындығына ресейлік бақылаушылардың келгенін атап өтті.

Генерал Ресей агрессиясының күшеюіне байланысты АҚШ 2018 жылы НАТО-мен бірлесіп ірі 11 әскери жаттығу өткізетінін де еске салды.

Осыған дейін 14-20 қыркүйекте "Батыс-2017" әскери жаттығуына Ресей және Беларусьтің 13 мың әскері қатысатыны, 680 қарулы техникасы жұмылдырылатыны хабарланған.

XS
SM
MD
LG