Ссылки доступа

Тәжік делегациясы Иран президентін инаугурациялауға қатысады


Тәжік энергетика және су ресурстары министрі Усмонали Усмонзода басқаратын Тәжікстан делегациясы Иран президенті Хасан Роуханидің инаугурациясына қатысады.

Салтанатты рәсім Иран парламентінің ғимаратында 5 тамызда болады. Төрт жыл бұрын Хасан Роуханиді ұлықтау салтанатына тәжік президенті Эмомали Рахмон қатысқан еді.

Ел үкіметіндегі дереккөздің хабарлауынша, сапар аясында тәжік-иран келіссөздері өтеді. Усмонали Усмонали Усмонзода қазір екі елдің үкіметаралық комиссиясында тәжік делегациясын басқарады.

Иран баспасөзінің мәліметіне қарағанда, Хасан Роухани инаугурациясына шетелден 100-ден астам ресми делегация қатысады. 68 жастағы Хасан Роухани биыл мамырдағы сайлауда екінші мерзімге сайланды.

XS
SM
MD
LG