Ссылки доступа

АҚШ: прокурор Мюллер "ресейлік" тергеуін жалғастырып жатыр


Арнайы прокурор Роберт Мюллер Ресейдің 2016 жылы америкалық президент сайлауына сырттан ықпал етуін тергеу үшін Үлкен алқа билер сотын жасақтады. Бұл туралы "Уолл-стрит джорнэл" газеті екі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Газет мәліметіне қарағанда, алқа билердің құрылуы куәгерлердің сот алдында жауап беретіндігін, істің салмақты сипат алғанын білдіреді. Бірақ бұл АҚШ президенті Дональд Трамп айналасындағыларға айып тағылады дегенді білдірмейді, деп хабарлады CNBC телеарнасы.

Мюллер өткен жылғы сайлау науқанында Дональд Трамп штабы қарсылас үміткер Хиллари Клинтон жағдайына әсер ету үшін Кремльмен сөз байласқан-байласпағанын анықтайды.

Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Хакаби Сандерстің мәлімдеуінше, президент Трамп аппараты Үлкен алқа билердің жасақтаулы туралы білген жоқ. Трамп әкімшілігі тергеумен бірге жұмыс жасап отыр.

XS
SM
MD
LG