Ссылки доступа

Египетте ұсталған студенттер Қазақстанға оралды


Египетте ұсталған қазақстандық студенттер елге оралды, деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттіктері. Олар Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған.

Студенттерді Египеттің ұлттық қауіпсіздік органдары ұстаған, бұл туралы 24 шілдеде белгілі болды. Египет тарапынан оларды не себепті және қандай жағдайда ұстағаны туралы ресми түсініктеме берілген жоқ, деп хабарлады Қазақстанның ақпарат агенттіктері.

Қазақстан Египеттің сыртқы істер министрлігіне ресми наразылық нотасын жолдаған. 1 тамызда Египеттің ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері Қазақстан елшілігіне хабарласып, ұсталған қазақстандық жастарды депортациялағанын жеткізген, деп жазды "ҚазАқпарат".

XS
SM
MD
LG