Ссылки доступа

Каримовтың жиені төлқұжат ала алмай жүр


Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың жиені, журналист Жамшид Каримовтың психиатриялық ауруханадан шыққанына жарты жыл болды, бірақ әлі төлқұжат алмаған. Оны 11 жыл бойы еркінен тыс қамауда ұстаған.

Жамшид Каримовтың айтуынша, президент Шавкат Мирзияевтің атына жазған өтініштеріне әлі жауап келмеген.

"2006 жылы жазда мен Швецияға кетуге құжат жинағанда, төлқұжатымды алып қойды. Кейін мені мәжбүрлі түрде психиатрияға жапты. Менің қызым президенттің виртуалды қабылдауына өтініш жазған, бірақ ешкім жауап бермеді. Төлқұжатсыз зейнетақы ала алмаймын, жұмысқа да тұра алмаймын. Қазір менің қалтамда бар болғаны алты мың сом (шамамен 70 цент) бар, оны да қызым берген", – деді Жамшид Каримов.

Ол қазір Жизақта тұрады. Журналист билікке сын айтқаны үшін қудаланған.

"10 жыл бес ай бойы бір адамдық камерада отырдым. Маған тағылған жалғыз айып - шизофрения. Көкемнің қайтыс болғаны туралы хабарды күтпеген едім. Өйткені оның өлімі менің зынданнан босануыма түрткі болды", - деді Жамшид Каримов.

Ол түрлі кедергілерге қарамастан, журналистік жұмысын жалғастырғысы келеді.

XS
SM
MD
LG