Ссылки доступа

Лавров Ресейдің қарымта шараларын Тиллерсонға түсіндірді


Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонға Вашингтонның жаңа санкцияларына Мәскеудің қарымта әрекеттерін түсіндірді.

Лавровтың айтуынша, ол МаниладаТиллерсонмен ұзақ сөйлескен. Филиппин астанасында АСЕАН елдерінің қауіпсіздік жөніндегі форумы өтіп жатыр. Ресей министрінің сөзіне қарағанда, америкалық әріптесіне берілген мәлімет президент Владимир Путиннің 30 шілдеде "Россия" телеарнасына берген сұхбатына сәйкес келеді.

Лавров Мәскеудің Вашингтонмен диалог орнатуға әзір екенін, бірақ ол үшін АҚШ жауласу әрекетінен бас тартуы керек деп атап өтті.

28 шілдеде Ресейдің сыртқы істер министрлігі америкалық дипмиссияның Ресейдегі қызметкерлерін 455 адамға қысқартқанын, сонымен бірге АҚШ елшілігінің қызметкерлеріне Серебряный Бордағы саяжайларды және Мәскеудегі қоймаларды пайдалануға тыйым салғанын жариялады.

Кремль бұны 27 шілдеде АҚШ Конгресі Ресейге қарсы қабылдаған санкцияларға жауап деп түсіндірді.

XS
SM
MD
LG