Ссылки доступа

Ташкентте "Тазалау-антитеррор" операциясы жүріп жатыр


30 шілдеден бастап Ташкентте "Тазалау-антитеррор" операциясы жүріп жатыр, ол Өзбекстан тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында (1 қыркүйек) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін өткізіледі. Бұл туралы астаналық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, тәртіп сақшылары көп қабатты үйлердегі 96 мыңнан астам пәтерді, 34 мың жекеменшік тұрғын үйді, шамамен 5,4 мың мекеме мен ұйым ғимараттарын тексерген. Соның нәтижесінде шамамен 4,5 мың әкімшілік хаттама толтырылған, солардың 4 мыңнан астамы тіркеусіз тұрып жатқандарға қатысты болды.

Бұл шараны өткізу барысында ішкі істер органдарында тіркеуде тұрғындарға ерекше көңіл бөлінген. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 456 адам есепке алынды.

Тұрғын аудандар мен махаллаларда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, көп қабатты тұрғын үйлерге қосымша 86 бақылау камерасы орнатылды.

XS
SM
MD
LG