Ссылки доступа

БАҚ: Пхеньян Оңтүстік Кореямен келіссөз жүргізуден бас тартты


КХДР Оңтүстік Кореяның екі ел арасында әскери келіссөздерді қайта жалғастыру туралы ұсынысынан бас тартты. Солтүстік Корея сыртқы істер министрі оңтүстіктегі көршісінің бұл бастамасында "адал ниет жетіспейді" деген. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Йонхап агенттігі хабарлады.

Екі ел министрлерінің қысқа кездесуі (шамамен үш минут) жексенбі күні Манилада Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы (АСЕАН) саммиті аясында өтті.

Шілденің ортасында Сеул Пхеньянға екі мемлекет арасындағы бейтарап аймақта әскери келіссөздер өткізу туралы ұсыныс жасаған. Оңстүстік Корея сол арқылы шекара тыныштығын сақтап, екіге айрылған отбасыларды қосуды көздеп отыр. Мемлекеттер 1950-жылдары Корей соғысы кезінде екіге бөлінген еді. Соңғы мәрте әскери келіссөздер 2015 жылы өткен.

5 тамызда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Пхеньянға қатысты санкцияларын күшейтті. Оған Солтүстік Кореяның жақында құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізуі түрткі болды.

XS
SM
MD
LG