Ссылки доступа

Тәжікстан ІІМ: әйелдерге хиджаб кигені үшін айыппұл салынбайды (видео)


Тәжікстанның ішкі істер министрлігі хиджаб киген әйелдерге көп айыппұл салынады деген хабарды жоққа шығарды.

Министрлік баспасөз қызметінің басшысы Умарджони Эмомалидің мәлімдеуінше, милиция қызметкерлері өзге мәдениеттің киімін кигені, сонымен бірге ұсқынсыз киінгені үшін айыппұл салмайды. "Қазір түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр, билік әйелдерге хиджабтың тәжік дәстүріне жат екенін түсіндіреді", - деді ол.

Жақында "Азия плюс" агенттігі Душанбеде адамдар көп шоғырланған орындарда хиджаб киген әйелдерді тексеру жүріп жатқанын хабарлаған. Шохмансұр базарының бір сатушы әйелінің агенттікке хабарлауынша, тексерушілер түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген, 1 мың сомониге дейін айыппұл салынады деп қорқытқан.

Тәжікстан үкіметіндегі Әйелдер ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Мархабо Олимидің айтуынша, билік тәжіктердің діні мен ұлттық мәдениетіне қайшы келетін жат ғұрыптармен, ашық-шашық киімдермен күресе бастады.

Оның айтуынша, комитеттің жұмыс тобы "хиджабтың жат мәдениеттен келгенін" түсіндірумен айналысады.

XS
SM
MD
LG