Ссылки доступа

Қырғызстан: сайлау қарсаңында үш саяси партия бірікті


"Онугуу-Прогресс" фракциясының хабарлауынша, 6 тамызда "Ата-Журт Мекенчил", "Бутун Кыргызстан" және "Онугуу-Прогресс" саяси партияларының жетекшілері президенттік сайлауда бір үміткерді қолдау үшін жаңа саяси партия бірігу туралы келісім қабылдады.

Меморандумға партия жетекшілері Адахан Мадумаров, Ахматбек Келдибеков, Камчыбек Ташиев, және Бакыт Торобаев қол қойған.

"Саяси күштерді біріктіру мақсатында бірнеше кездесу өткізілді, солардың нәтижесінде партиялардың көздеген мақсаттары бір екенін түсіндік", деді біріккен күш өкілдері.

Келісім бойынша, жаңа саяси партия "мүдделі топтардың барлығымен әріптестік орнатуға дайын". Жаңадан құрылған саяси бірлестіктің нақты қандай үміткерді сайлауда қолдайтыны әзірге белгісіз.

Еске салайық, бұл саясаткерлердің барлығы Орталық сайлау комиссиясына сайлауға қатысуға өтініш білдірген. Мемлекет басшысын сайлау 15 қазанда өтеді.

XS
SM
MD
LG