Ссылки доступа

Liglass чех компаниясы қырғыз ГЭСі үшін ресейліктерге бір айда 37 млн доллар төлеуі тиіс


Чехияның Liglass Traiding CZ компаниясы "Электр станциялары" ААҚ акционерлері инвестициялық келісімді мақұлдаған соң, бір айдың ішінде Ресейге 37 млн доллар төлеуі тиіс.

Ал үш айдың ішінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалуы керек. Бұл туралы "Электр станциялары" ААҚ бас директоры Ұзақ Қыдырбаев хабарлады.

Оның айтуынша, 4 тамызда компания акционерлері кезектен тыс жиналысқа қаысып, олардың 96 пайызы чех компаниясымен келісімге қол қоюды қолдады. Еске салайық, "Электр станциялары" Ұлттық энергия холдингінің құрамына кіреді

Liglass Trading CZ компаниясы Қырғызстанда Жоғарғы Нарын ГЭСінің сарқырамасын, сонымен бірге 10 шағын ГЭС салу тендерін жеңіп алды. Келісімге 10 шілдеде Бішкекте қол қойылды, оған қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев қатысты.

Кейін чех және қырғыз басылымдары Liglass компаниясының мүмкіндігіне күмән келтірген материалдар жариялады. Бірақ компания басшылығы келісім шарттарын толығымен орындаймыз деп отыр.

XS
SM
MD
LG