Ссылки доступа

Қырғызстан: үш партия президенттік сайлауға бір үміткер ұсынады


Қырғызстандағы үш оппозициялық партия (Прогресс, "Родина" және "Қырғызстан менің жерім") алдағы президенттік сайлауға бір үміткер шығаратынын жариялады.

Партия жетекшілері Бакыт Торобаев, Адахан Мадумаров, Камчыбек Ташиев және Ахматбек Келдибеков үш партия жаңа саяси ұйымға бірігетінін хабарлады. Ұйымның атауы әзірге белгісіз. 2011 жылғы сайлауда Ташиев пен Мадумаров екеуі 20 пайыздан астам дауыс жинап, екінші және үшінші орын алды. Олар сол кездес президент болған Алмазбек Атамбаевқа ғана жол берген.

Саясаттанушы Денис Бердаков коалицияның сайлаудың екінші турына өтуге мүмкіндігі мол екенін болжайды.

Қырғызстанда президенттік сайлау биыл 15 қазанда өтеді, оған қатысуға 59 адам өтініш білдірген. Қазіргі президенті Алмазбек Атамбаев заң бойынша екінші мерзімге түсе алмайды.

XS
SM
MD
LG