Ссылки доступа

АҚШ Эстонияға 150 десантшы жолдайды


Архивное фото

АҚШ “Запад-2017” ресейлік-беларусь оқулары өтіп жатқан уақытта, Эстонияға 150 десантшы жолдайды. Олар Эстония Қарулы күштері құрамында тамыздың соңына дейін болады.

Ресей және Беларусь әскерлерінің "Запад" бірлескен оқулары 14-20 қыркүйек аралығында өтеді. Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оған шамамен 13 мың жауынгер қатысады.

Балтық елдері бұған алаңдап отыр. Олар Ресей осы оқуларды сылтау етіп, Беларусь еліне басқа мақсаттағы қару жеткізуі мүмкін деп қауіптенеді. НАТО "Запад-2017" оқуларын мұқият бақылайтынын хабарлады.

XS
SM
MD
LG