Ссылки доступа

АҚШ Конгресі Кремльдің үгіт-насихатына қарсы күресуі мүмкін


АҚШ Мемлекеттік департаменті ресейлік үгіт-насихатқа қарсы шара қолданбаса, бұл жұмыспен америкалық заң шығарушылар айналысады. Соған байланысты арнайы бағдарлама қабылдануы мүмкін екендігін ықпалды конгрессмен ескертті.

Конгрессмен-демократ Элиот Энгел, Өкілдер палатасының сыртқы саясат комитеті басшыларының бірі, АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонға хат жолдады. Автор тиісті стратегия дайындап, оны Конгреспен бірге жүзеге асыруға шақырған.

"Әйтпесе Өкілдер палатасы мен Сенат Ресей мен "ИМ" тарапынан келетін қауіптің зор екендігін заң жүзінде рәсімдеуге мәжбүр болады", – делінген конгрессмен хатында.

Жұма күні жолданған мұндай хатты жазуға Мемлекеттік департаменттің шетелдік, соның ішінде ресейлік үгіт-насихат пен жалған ақпараттармен күресу үшін Конгресс бөлген 80 миллион долларға тиіспегені түрткі болды.

Заң шығарушылар Мемлекеттік департамент Мәскеуді өршелендіргісі келмейді деп күдіктенеді. Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсоның сөзіне қарағанда, оның департаменті бұл қаражатты тез арада пайдаға асырғысы келеді.

XS
SM
MD
LG