Ссылки доступа

Өзбек премьері Қырғызстанға барады


Келесі аптада Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов жұмыс бабымен Қырғызстанға барады, деп хабарлады қырғыз үкіметі аппаратының ақпараттық саясат бөлімі.

7 тамызда екі елдің үкімет басшылары телефон арқылы сөйлесіп, қырғыз-өзбек шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері жөніндегі үкіметаралық комиссия келіссөздерін талқылады. Сонымен бірге екі жақты әріптестік жөніндегі үкіметаралық делегациялар кездесуін сөз етті. Жоспар бойынша, бұл топтардың жиналыстары 15-17 тамыз аралығында Ыстықкөл жағалауында, Шолпан-Ата қаласында өтеді. Әріповтің жұмыс сапары осы комиссиялардың жиналыстарына тұспа-тұс келіп тұр.

Бұған қоса, өзбек премьер-министрі биыл қазанда Қырғызстанда Өзбек мәдениетінің күндерін өткізуге дайын екенін айтты.

Еске салайық, Қырғызстан мен Өзбекстан қарым-қатынасы өткен жылдың күзінен бері жақсарып келеді. 2016 жылы 1 қазанда өзбектер шақырған Қырғызстан делегациясы Әндіжан облысына барып, қырғыз-өзбек қатынасын нығайтатын шараларға қатысты. Ал 26 қазанда Өзбекстанның үкіметтік делегациясы Қырғызстанға достық сапар жасады.

XS
SM
MD
LG