Ссылки доступа

Душанбеде пышақтасқан жастар түрмеге отырды


Душанбенің 102 және 103 шағын аудандары жастарының жаппай төбелесіне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Төбелестен екі жасөспірім қаза тапқан.

Душанбе қалалық сотының мәліметі бойынша, кісі өлтірген деп танылған екі жасөспірім 10 жыл түрме жазасын алды. Сотталғандар кәмелет жасқа толмағандықтан, олардың есімдері аталмады. Соттағы дереккөздің мәліметі бойынша, төрт жасөспірім бес жылға бас бостандықтарынан айрылды, екеуі 5 мың сомони көлемінде айыппұл төлейді.

Сейсенбі, 8 тамызда Душанбе қалалық сотында тағы бір сот процесі өтеді. Онда осы оқиғаға қатысты ұсталған екі жасөспірімге үкім шығарылады.

Бұл істе 20-дан астам жасөспірім кісі өлтіру қылмысы бойынша күдіктілер санатына іліккен. Кейін олардың көбісі оқиға куәгерлері деп белгіленді.

Суық қару қолданылған жаппай төбелес биыл 2 қаңтарда болды. Екі шағын аудан жастарының қақтығысында жараланған мектеп оқушылары – Иброхим Ходжаев пен Сомон Шарипов ауруханада көз жұмды.

XS
SM
MD
LG