Ссылки доступа

Петербургте журналист Әли Ферузды қолдау пикеті өтті


Түрлі партиялардың, қозғалыстардың ондаған белсенділері, журналистер мен азаматтық белсенділер Нева даңғылы бойымен қаз-қатар тұрып пикет өткізді. Олар Мәскеу соты Өзбекстанға департациялау туралы үкім шығарған журналист Әли Ферузге осылайша қолдау білдірді.

Анархияны қолдаушы Елена Шендераның пікірінше, журналисті Өзбекстанға қайтаруға болмайды, онда Ферузды өлім күтіп тұр. Ол журналиске батыс елдерінің бірі баспана береді деп үміттенеді.

Ресейлік социалистік қозғалыс белсендісі Иван Овсянников Мәскеу сотының шешімін сынады. Оның пікірінше, бұл іс Ресейде мигранттарды алалаушылық барын анық көрсетіп берді.

Сонымен бірге, Иван Овсянников журналист Әли Феруздың гей екенін жасырмай айтатынын, оның ЛГБТ-қауымдастығының акцияларына қатысқанын еске салды. Нева даңғылындағы халық плакаттарға назар аударып, өзбек журналисіне алаңдаушылықтарын білдіріп жатты.

Әли Феруз Ресейге заңды түрде келіп, мұнда алты жылдан астам уақыт тұрғанына қарамастан, қазір ол шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығында отыр. Басман соты шешіміне түсірілген апелляцияны Мәскеу қалалық соты 7 тамызда қарауы тиіс болған, бірақ сот отырысы 8 тамызға шегерілді.

XS
SM
MD
LG