Ссылки доступа

Трамптың Нью-Йорктегі қонақ үйінде Путиннің бейнесі пайда болды


АҚШ президенті Дональд Трамптың Нью-Йорктегі Trump SoHo қонақ үйінде Ресей президентінің бейнесі пайда болды. Ресей туын ұстаған Владимир Путин "Happy to help, bro!" ("Көмектескеніме қуаныштымын, бро"), "Follow the money" ("Ақшаның соңынан ер") және орысша "Крепись, братан" деген сөздерді айтып тұр. Бұл туралы Business Insider хабарлады.

Ғимарат алдында қолдарына Ресей туын ұстаған адамдар маршпен жүріп өтті. Акцияны ұйымдастырушы - журналист Робин Белл. Ол твиттерге бірнеше бейнеролик жариялады.

Путиннің бейнесі пайда болардан бірнеше күн бұрын, АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер ауқымды алқа билер жинады. Олар Ресейдің өткен жылғы америкалық президент сайлауына араласқан-араласпағанын тексереді.

Трамп АҚШ сайлауларында "ресейлік із" бар дегенді жоққа шығарып келеді.

XS
SM
MD
LG