Ссылки доступа

Түркіменстан: аймақтардағы тұрғындар Ашхабадқа кіру үшін ұзақ күтуге мәжбүр


Түркіменстан астанасына өзге аймақтардың автокөліктерін кіргізудің шектелуіне байланысты аймақ тұрғындары Ашхабадқа кіру үшін автобуста бір сағаттан астам уақыт күтуге мәжбүр.

Еске салайық, Азиада-2017 қарсаңында облыстық нөмірі бар автокөліктердің Ашхабадқа кіруіне тыйым салынған. Биліктің ауызша қаулысына сәйкес, аймақ тұрғындары астанаға кіру үшін көліктерін қала шетіне тастайды.

Астананың солтүстігіндегі Чоганлы ауылындағы автотұрақ пен Ашхабад арасында бір ғана маршрут қатынайды.

"Адамдар келесі автобусты бір сағаттан астам уақыт күтеді", - деп хабарлады Түркіменстандағы тілші Аманмырат Бугаев. Оның айтуынша, аялдамаларда жолаушыларға ешқандай жағдай қарастырылмаған.

Ашхабад сыртында арнайы автотұрақ салу жоспары биыл мамыр айында сөз болған. Ал сәуір айының басында астананы ескі автокөліктерден "тазарту" шарасы туралы хабарланды.

XS
SM
MD
LG