Ссылки доступа

Солтүстік Корея АҚШ-тың Гуамдағы әскери базасын атқылаймын деп қорқытты


Солтүстік Корея АҚШ-тың Тынық мұхиттағы Гуам аралындағы әскери нысанын зымармен атқылау мүмкіндігін "жіті қарастырып жатыр". Бұл туралы КХДР қарулы күштері қолбасшылығының мәлімдемесінде айтылды.

"Жетекші Ким Чен Ын шешім қабылдаса болды", орта қашықтыққа ұшатын "Хвансон-12" зымыраны арқылы шабуыл жасалады, делінген мәлімдемеде.

Осындай мәлімдеме таралардан бірнеше сағат бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяны бұрын-соңды болмаған шабуылмен қорқытқан еді.

Сенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі КХДР-ге қосымша санкциялар қабылдаған соң, Пхеньян "АҚШ-ты дұрыстап оқыту керек" деп мәлімдеді. Бұған қоса, баспасөзде Солтүстік Корея шағын ядролық оқтұмсық жасап шығарды деген ақпарат тарады.

XS
SM
MD
LG