Ссылки доступа

Тәжікстан Иранды 1990-жылдардағы кісі өлтіру қылмыстарына қатысты деп айыптады


Тәжікстан сейсенбі, 8 тамызда Иранды 1990-жылдары республика аумағыда тіркелген атышулы кісі өлтіру қылмыстарына, соның ішінде 1999 жылы тәжік парламентінің бұрынғы төрағасы Сафарали Кенжаевты өлтіруге қатысты деп айыптады.

Тәжік мемлекеттік телеарнасында көрсетілген 45 минуттық деректі фильмде Тегеран Тәжікстанда азаматтық соғыстың тұтануына мүдделі болды деп айтылды. Тіпті Иран Тәжікстанның Ислам партиясын қаржыландырып, оның содырларын өз аумағында дайындаған деген айыптар да тағылды.

Фильм авторларының мәліметтері бойынша, қаржылай қолдау және нұсқаулар содырларға Ходжа Халим Назарзода арқылы берілген. Назарзода 2015 жылы қарашада Душанбе түбіндегі арнайы операция кезінде өлтірілді. Тәжік билігі оны бүлік жасағысы келді деп айыптады.

1997-2004 жылдары көптеген тәжік қоғам қайраткерлері өлтірілді. Тәжікстан мен Иран арасы бұған дейін де талай мәрте нашарлаған. Бірақ Душанбе Тегеренды бірінші мәрте ашық айыптап отыр.

Иранның Тәжікстандағы елшілігі бұл фильм эфирге шыққан соң тәжік тарапынан түсіндіруін талап етті. Иран елшілігі баспасөз қызметінің 9 тамызда хабарлауынша, "қазіргі таңда Иранның Тәжікстандағы елшісі шетелде жүр, бірақ елшілік басшылығы жақында бұл фильмді талқылауды көздеп отыр". "Біз мұндай жалған ақпараттың қайдан шыққанын анықтауымыз керек", - деп хабарлады Иран елшілігі.

XS
SM
MD
LG