Ссылки доступа

Әндіжанда шетелден аударылған ақшаны банктен шешу қиындады (видео)


Здание филиала Infinbank'а в Андижанской области.

Әндіжан облысындағы банктерде азаматтарға шетелден келген қаражатты алу қиындады. Банк өкілдерінің айтуларынша, Ташкентке шетелдік валюта өте аз түседі.

Әндіжан облысы Шахрихан ауданының тұрғыны Акмальдың айтуынша, оған Ресейде жұмыс істейтін ағасы жолдаған айлықты алу үшін үш күн кеткен.

"Жұма күні үлкен ағам шешемнің еміне деп ақша жолдады. Бірақ банктер істемей тұр, ал сыртында адам көп", - деді ол.

Очередь людей перед зданием филиала банка Ипак йули в городе Андижане.
Очередь людей перед зданием филиала банка Ипак йули в городе Андижане.

Ол Әндіжан қаласында Ипак йули банкінің филиалына кезекке тұрып, он сағат дегенде ағасы жолдаған ақшаға қолы жеткен.

"Ипак йули банкінде кезекте 500-ден астам адам көмекте тұрды, ал Infinbank алдында 200 адам жиналды. Таңертең кезекке тұрғаннан, кешкісін ғана ақша ала алдым", - деді тұрғын.

Люди стоят в очереди перед зданием филиала банка Ипак йули в городе Андижане, чтобы получить денежный перевод.
Люди стоят в очереди перед зданием филиала банка Ипак йули в городе Андижане, чтобы получить денежный перевод.

Әндіжан облысындағы Infinbank филиалының маманы ұзын-сонар кезек бар екенін растады.

"Аудандық банктер аударылған ақшаны бермейді. Сол себепті бәрі қалаға ұмтылады", - деп ақталды банк қызметкері.

XS
SM
MD
LG