Ссылки доступа

Украиналық "Страна.ua" интернет басылымында тінту жүріп жатыр


Украиналық "Страна.ua" интернет басылымының кеңсесіне және оның қызметкерлерінің үйлерінде тінту жүріп жатыр. Бұл туралы Азаттық радиосының украин қызметі хабарлады.

Украина Қауіпсіздік қызметінің мәлімдеуінше, құқыққорғау органының қызметкерлері кеңседегі компьютерлерден мемлекеттік құпия іздестіріп жатыр.

Өткен аптада украиналық БАҚ "Страна.ua" басылымының бас редакторы Игорь Гужвадан құпия мәліметтер бар флешка алынғанын жазды. Медиаменеджер бұны қолдан ұйымдастырылған деп атады.

Игорь Гужва ақша бопсалады деген күдікпен ұсталған. Кейін оны кепілмен босатып жіберді. Тергеу мәліметі бойынша, медиаменеджер саясаткердің бірі туралы компромат жариялаймын деп пара алған. Гужваның өзі украиналық депутаттардың бірі туралы сыни мақала жариялағалы бері қудалауға тап болғанын айтты.

XS
SM
MD
LG