Ссылки доступа

Ресейдегі тәжік мигранттары ереуілден соң айлықтарын алды


Ресейдің Калининград қаласында стадион соғып жатқан тәжік мигранттары бес айдан бері төленбеген жалақыларын алды.

Тәжікстанның 100-ден астам мигранты Калининградтағы стадион құрылысын жүргізіп жатыр. Олардың орташа айлықтары - 30 мың рубль (шамамен 500 доллар).

Наурыз айынан бері Тәжікстан және Өзбекстан жұмысшылары айлық алмаған. Олар ереуілге шықты. Содан кейін ғана айлық толығымен төленді.

Стадион құрылысының басты мердігері «Крокус Интернэшнл» АҚ мигранттардың айлықтарын уақытылы төлеп отыруға уәде берді.

XS
SM
MD
LG