Ссылки доступа

Қырғызстан: шетелдіктерге электронды виза үш күнде беріледі


Қырғызстанда 2017 жылдың қыркүйегінен бастап шетел азаматтарына электорнды виза беру жүйесі жұмыс істейді. "Электронды виза" жаңа бағдарламаны 9 тамызда таныстырды.

Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаменті директоры Эркин Асангуловтың айтуынша, жаңа электронды жүйе шетел азаматтарына визаны Интернет арқылы алуға мүмкіндік береді.

Ол үшін шетел азаматына "evisa.e-gov.kg" сайтында арнайы форманы толтыруы керек. Сонымен бірге сурет және төлқұжат көшірмесі жүктеледі. Консулдық алым банк төлемі арқылы төленеді. Өтініш үш күнде қаралады.

Жаңа электронды виза жүйесі "Таза коом" жобасы аясында жүзеге асты.

XS
SM
MD
LG