Ссылки доступа

Алматы түбінде ұшақ апатынан екі адам қаза тапты


Алматы түбінде шағын ұшақ құлап, екі адам қаза тапты, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Ресми мәлімет бойынша, ұшақ апаты 10 тамыз күні таңертең Азем аэродромына жақын маңда болған. Tecnam 2002 ұшағы аэродромнан екі шақырым ұшып шығып, оқу-жаттығу тапсырмасын орындап жүрген кезде құлаған. "Апаттан ұшқыш инструктор мен курсант қаза тапты" делінген комитет хабарламасында.

Қазір инвестиция және даму министрлігінің тергеу департаменті ұшақ апаты бойынша тергеу бастаған.

Азем аэродромы Алматыдан 43 шақырым жерде орналасқан. Академияның акционерлік қоғам мәртебесі бар, оның акцияларының 89 пайызына мемлекет иелік етеді.

XS
SM
MD
LG